Тіл / Язык



Логин



12.02.2020ж. Конкурс туралы хабарландыру

Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласының «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, пошталық мекен-жайы: Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы, 4 ш/а., 32 ғимарат, индекс: 130000; электрондық поштасы: 5mektepaktau@mail.kz және Көрсетілген e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізге Javascript –ті қосу қажет
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруды сатып алу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай – ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары» – на сәйкес өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қызмет Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы, 4 ш/а., 32 ғимарат, «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жеткізіледі.
Қызметті көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2020 жылдың 04 наурызының сағат 09:30 дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы, 4 ш/а., 32 ғимарат, «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, есепші бөлмесі (сағат 9:00-дан 17:00-ге дейін) және/немесе s5.obb.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы, 4 ш/а., 32 ғимаратына жібереді (ұсынады), есепші бөлмесі (сағат 9:00-дан 17:00-ге дейін).
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2020 жылдың 04 наурызының сағат 09:30-ға дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер 2020 жылдың 04 наурызының сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша Маңғыстау облысы,  Ақтау қаласы, 4 ш/а., 32 ғимарат, «Нұртас Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор кабинетінде ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:
8 (7292) 509052,  500735

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖҮКТЕП АЛУ


 


Басқарма аясында жұмыс істейді Joomla!. Valid XHTML and CSS.