Тіл / Язык



Фотогалерея

Логин



Түлектер

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман»
Н.Назарбаев

2017-2018 оқу жылының аяғында  білім алушылар саны  - 1617 , оның ішінде мектеп бітірушілер:  қазақ тілді оқитын 11-А сыныпта -19 түлек, орыс тілді оқитын 11-Б сыныпта – 10 түлек . Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің ішінен екі «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер анықталып, қорытынды аттестаттаудың қорытындысы бойынша  11-А сынып оқушылары Досетова Жаннетта, Зинеден Аңсар – «Алтын белгісін», 11-А сынып оқушысы Хамитова Назым, 11-Б сынып оқушысы Культелеева Диана «Үздік аттестаттарын» иеленді. 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттау емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы)және оқыту бейіні (ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау пәні бойынша емтихан тапсырды.

11 А


«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой - азаттығымыздың алдаспаны»
Н.Ә.Назарбаев

Ағымдағы жылдың 21 маусым күні ҰБТ –ға 11 сынып бітірушілер арасынан 21 оқушы қатысты. Таңдау пәндері бойынша: математика және физика -11 оқушы, биология және химия- 6 оқушы, математика және география- 1 оқушы, биология және география- 2 оқушы, Адам және қоғам және тарих – 1 оқушы таңдады. ҰБТ қорытындысы бойынша жалпы балл 1661, орта балл – 79,09 .
ҰБТ қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» иеленген 11-А сынып оқушысы Мамай Қуанышбек жалпы 121 ұпай жинаса, Үздік аттестат иелері Айзакова Жадыра -103 ұпай, Шәудірбаева Динара – 96 ұпай жинады. Нәтижесінде 6 оқушымыз мемлекеттік грант иегери атанды. Қазіргі таңда Астана қаласында 2 оқушымыз Алматы қаласында 9 оқушымыз, 7 оқушымыз Ақтау қаласы Жоғарғы оқу орындарында білім алса, ал Ресей Федерациясында 2 оқушымыз білім алуда.


 


Басқарма аясында жұмыс істейді Joomla!. Valid XHTML and CSS.